ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ
Почетные граждане

Николай Владимирович Алексеенко

 

 

1931 жылы 22 маусымда Өскемен
қаласында дүниеге келген

Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры. Мұғалімдік жұмыс өтілі 50 жылдан астам. 7 монография және 100 астам ғылыми мақалалардың авторы, оның басшылығымен «Отандық тарих» атты мамандық бойынша 11 адам кандидаттық диссертацияларын қорғады. Өскемен педагогика институтында қызмет атқара отырып, Қазақстанның шығысында бірінші тарих факультетін құрудың бастауында тұрды. Оның бастамасымен Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Республикада бірінші рет демография институты құрылды, демограф түлектер бітіріп шықты. Өскемен қаласындағы Шығыс Гуманитарлық институтының бірінші ректоры және ұйымдастырушысы. Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан Кіші халықтар Ассамблеясының жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі ретінде белсене қатысады. Қаланың ономастикалық комиссиясының мүшесі. Өскемен туралы кітаптың авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеуге және қоғамның дамуына ғылыми-тәжірибелік зор үлес қосқаны, бейбітшілік және қоғамдық келісімдерді нығайтудағы белсенді қызметі үшін 2006 жылғы 17 тамызда «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 2006 жылғы 17 тамыз

Парақтар өзгертілді: 20-12-2013
Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2018

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz