ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ
Почетные граждане

Валиахмет Нұрахметұлы Байдельдинов

 

1932 жылы 3 маусымда ШҚО
Ұлан ауданы Никитинка ауылында
дүниге келген

Жамбыл атындағы интернат-гимназиясының директоры. Қазақстанның ағарту ісінің үздігі. 37 жыл бойы Жамбыл атындағы мектеп-интернатын басқарды. Бірнеше рет облыстық және аудандық Кеңестердің депутаты болып сайланды. Оқу бөлімінің жетекшісі ретінде жас мұғалімдердің бірнеше ұрпақтарын тәрбиеледі. Жаңа технологияларға бағыт көрсетумен тәрбиелік және оқу үрдісіне шыңдалған және сан алуан жаңалықтар енгізді. «Айгөлек» жасөспірімдер клубын, өнер мектебін ашты және шығармашылығын шабыттандырды, соның арқасында интернатта оқитындар бірнеше рет «Әнші балапан», «Сиқырлы қазан» тағы басқа республикалық конкурстарының жеңімпаздары атанды. Оның еңбегі Еңбек Қызыл Ту орденімен, медалдармен және грамоталармен белгіленді. КСРО ағарту ісінің үздігі және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі. Демалыста болса да, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуда.
Өскемен қаласының жас ұрпақтарын тәрбиелеуге қосқан үлкен үлесі үшін 1996 жылғы 8 қаңтарда «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 1996 жылғы 8 қаңтар

Парақтар өзгертілді: 20-12-2013
Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2019

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz