ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ
Почетные граждане

Альберт Хаймович Гофман

 

1932 жылы 19 қыркүйекте
РКФСР Смоленск қаласында
дүниеге келген

1953 жылы Орта-Азия политехникалық техникумын «Гидрометаллургия» мамандығы бойынша бітірген. Өзінің еңбек қызметін осы уақытқа дейін еңбек етіп келе жатқан Үлбі металлургия зауытында бақылаушы-шеберден бастады.
Альберт Хаймовичтың есімімен КСРО су асты ядролық флотының реакторлары үшін жылу бөлетін элементтерді шығару, еліміздің атом энергетикасын дамыту бағдарламасын іске асыру барысында АЭС үшін уран таблеткаларын өндіру бойынша зауытта қуаттарды жасау тікелей байланысты. А.Х. Гофман Қазақстанның атом өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша дұрыс қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатында ағартушылық жұмыс жүргізеді.
Еңбектегі жетістіктері үшін «Знак почета», «Трудового Красного Знамени» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Ветеран труда» медалдарымен марапатталды, Ресей Федерациясының «Ветеран атомной энергетики и промышленности», «ҮМЗ еңбек сіңірген қызметкері», «Зауыттың құрметті ардагері» атағы берілді.
Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша қосқан үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін 2012 жылғы 20 желтоқсанда «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 2012 жылғы 20 желтоқсан

 

Парақтар өзгертілді: 20-12-2013
Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2019

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz