ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ
Почетные граждане

Василий Дмитриевич Дегтярев

1915 жылы 25 сәуірде Өскемен губерниясының
Тульский ауылында дүниеге келген

Атақты металлург, В.И. Ленин атындағы қорғасын-мырыш комбинатының катодчикі, Социалистік Еңбек Ері. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы майданында Отанды қорғаған. Әскери наградалары бар. 1946 жылдан бастап өзінің өмірі мен еңбектік қызметін қорғасын-мырыш комбинатымен байланыстырды, онда металлургиялық өндірісті меңгеріп, катодчик Дегтярев мектебін құрды. Оның еңбегі көптеген үкіметтік наградалармен белгіленді, оның ішінде Лениннің екі ордені, «Еңбек үздігі» медалі, ал 1963 жылы түсті металлургияны дамытуда жеткен жетістіктері үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Облыс пен қалада үлкен қоғамдық жұмыстарды жүргізеді, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің жергілікті Кеңестердің халық депутаты болып сайланды. Одақтық маңыздағы дербес зейнеткер. Еңбек демалысында болса да, қамқорлыққа алынған мектептерді кәсіптік бағдарға, әскери-патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөледі.
Қаланың халық шаруашылығының дамуындағы үлкен еңбегі үшін 1970 жылғы 14 желтоқсанда «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 1970 жылғы 14 желтоқсан


Парақтар өзгертілді: 20-12-2013
Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2019

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz