ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ
Почетные граждане

Ахат Сәлемхатұлы Күленов

1932 жылы 15 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келген

Өзінің бүкіл өмірін елдің түсті металлургиясымен байланыстырды. Көп жылдар бойы В.И. Ленин атындағы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында әртүрлі салада қызмет атқарды. 1981 жылдан 1994 жылға дейін кәсіпорынды басқарды. Экономикалық құлдырау жылдары өнеркәсіп пен ұжымды сақтап қалды, Республиканың Халық банкінің түсімдерінің 70 % құраған алтын және күміс өндірісін құрды. Өндіріс мәселелерін шеше отырып үнемі еңбекшілердің мәселелеріне көп көңіл бөледі, қалаға «Металлург» саябағын құрды, «Куленовка» деп атайтын қазіргі заманғы кент тұрғызды, ол Өскемен қаласының бірден-бір ең жақсы шағын ауданы болып табылады. КСРО Жоғары Кеңесінің және Қазақ КСР-ның депутаты болып сайланды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланды. Социалистік Еңбек ері, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылып «Халық қахарманы» атағы берілді. Октябрь Революциясы, Еңбектік Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. Мемлекеттік сыйлықтың Лауреаты.
Өскемен қаласының инфрақұрылымының дамуына қосқан зор үлесі үшін 1996 жылғы 25 желтоқсанда «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 1996 жылғы 25 желтоқсан

Парақтар өзгертілді: 20-12-2013
Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2019

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz