ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ
Почетные граждане

Ефим Павлович Славский

1898 жылы Донецкий облысы (Украина)
Макеевка қаласында дүниеге келген

КСРО орта машина жасау Министрі. Инженер-металлург. Металлургия және машина жасау жүйесіндегі өндірісті ұйымдастырушы, Өскемен қаласының қазіргі заманғы құрылысының талапкері және рухтандырушысы. Азамат соғысына қатысқан. Түсті металдар және алтын Мәскеу институтын аяқтағаннан кейін алюминий  өндірісінде жұмыс істеді. 1946 жылдан бастап Главаалюминия бастығы болды. Кейінгі жылдары кеңестік және шаруашылық органдарында жауапты қызметтерді атқарды. Одан кейін КСРО орта машина жасау Министрі, КСРО орта машина жасау жөніндегі Мемлекеттік өндірістік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен КСРО-дағы атомдық ғылым мен техника дамыды, Шығыс Еуропа және Азия елдерінде елдің ядролық қалқаны нығайтылды, әр түрлі белгілер орнатылды және атомдық электр станциялары қатарға енгізілді, уран, алтын шығару бойынша бірегей технологиялар әзірленді және енгізілді, минералды  тыңайтқыштарды өндіру, медицинада, ауыл шаруашылығында және басқа да халық шаруашылығының салаларында изотоптарды қолданудың жаңа қазіргі заманғы атом градтары салынды. 1962 жылдан 1988 жылға дейін Е.П. Славский Шығыс Қазақстан облысынан КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Осы жылдары ол депутат ретінде Өскемен қаласының дамуына баға жетпес үлес қосты. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Лениндік және  үш мәрте КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Лениннің тоғыз орденімен марапатталған.
Қаланың халық шаруашылығының дамуындағы үлкен еңбегі үшін 1970 жылғы 14 желтоқсанда «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 1970 жылғы 14 желтоқсан

Парақтар өзгертілді: 20-12-2013
Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2019

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz