ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ
Почетные граждане

Григорий Григорьевич Флейтлих

1927 жылы 2 желтоқсанда
Борисов қаласында дүниеге келген

35 жыл автокөлік жүйесінде жұмыс істеді. 1965 жылдан 1985 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар, одан соң жүк автомобиль басқармасын басқарды. Өзі басшылық еткен уақытта қалалық қоғамдық көліктерді дамыту, жолаушыларды тасымалдауды жетілдіру, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін көптеген жұмыстар атқарды. Екі жаңа автобус кәсіпорындары, автобекет салынды. Автокөлік қызметкерлері үшін әлеуметтік инфрақұрылым белсенді дамыды. 12 жыл көлік бөлімін  және Өскемен қалалық атқарушы комитеті байланысын басқарды. Қаланың телефон желілерін кеңейту және жаңғырту мәселелеріне көп көңіл бөлді. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан заңды сарапшы бюросында қызмет атқарады. Қала көшелерінде қозғалысты ұйымдастыру және тұрғындарды көлікпен қамтамасыз етуді жақсартуға байланысты мәселелерді дайындау мен шешуге қатысады. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медалдармен марапатталды.
Қаланың дамуына қосқан зор үлесі және адал еңбегі үшін 2007 жылғы 24 мамырда «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 2007 жылғы 24 мамыр

Парақтар өзгертілді: 20-12-2013
Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2019

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz