ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ
Почетные граждане

Михаил Иванович Чистяков

1917 жылы 3 қыркүйекте Башкирия,
Ургуш ауылында дүниеге келген

Ақын. Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Өскемен қаласында 1947 жылдан бастап тұрады. № 25 орта мектебінде сабақ берген, «Рудный Алтай» газеті редакциясында жұмыс істеді, көп жылдар бойы «Звено Алтая» әдебиет бірлестігін басқарды. КСРО-ның және Қазақстанның жазушылар Одағының мүшесі, 15 астам ақындық кітаптардың және прозалардың авторы. «Дорога» кітабы үшін Қазақстанның жазушылар Одағы сыйлығының лауреаты атағына лайықты. Оның кейіпкерлері арасында өскемендіктер аз емес. Өскемендік Кеңестің бірінші төрағасы туралы «Яков Ушанов» атты әйгілі поэманың авторы. Дербес зейнеткер. Оқушы жастар арасында үлкен қоғамдық жұмыстар жүргізеді, Шығыс Қазақстандағы көптеген әйгілі ақындар мен прозашыларды тәрбиеледі. 1 дәрежелі Отан соғысының орденімен, көптеген әскери және еңбек медалдарымен марапатталды.
Қала әдебиетінің дамуына қосқан үлкен үлесі, Өскемен қаласының еңбекшілеріне шығармашылық тәрбие беруге белсенді қатысқаны үшін және Жеңіс күніне 40-жыл толғанына байланысты 1985 жылғы 18 сәуірде «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 1985 жылғы 18 сәуір

Парақтар өзгертілді: 20-12-2013
Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2019

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz