ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ
Почетные граждане

Владимир Иванович Шаров

1946 жылы 6 қазанда Ульяновск облысы
Мелекесс қаласында дүниеге келген

Омскілік Фрунзе атындағы жоғарғы жалпы әскери командалық училищесін бітіргеннен кейін 1967 жылы Забайкал әскери округына лейтенат атағымен рота командирі болып қызмет етуге жіберілді. Одан кейін Прикарпатск әскери округында қызмет етті, 1977-1980 жылдардан бастап Чехословакиядағы орталық әскери топта болды. 1980 жылдың қаңтар айынан бастап Ауғаныстанға шектеулі мөлшердегі әскер құрамына батальон командирі болып қызмет етті. 1980 жылдың 3 қазанында қатыгез соғыста ауыр жарақат алды, ауруханада ұзақ емделді, бірақ көзі мүлдемге көрмей қалды. Отставкадағы подполковник.  1 топтағы мүгедек. Өскемен қаласына келіп, қайтадан жазуды үйренді және соқырлар қоғамындағы жұмыстарға белсене қатысты, басқа мүгедектерге олардың мәселелерін шеше білуге көмектесті. Адамдар оған сеніммен қарады, сүйіспеншілікпен «әке» деп атады.
Соғыстағы ерлігі үшін II және III дәрежелі Қызыл Жұлдыз, «КСРО Қарулы күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» ордендерімен марапатталды.
Ауғаныстандағы халықтық борышын орындау кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі және қаланың игілігіне бағытталған үлкен қоғамдық қызметі үшін 1990 жылғы 14 ақпанда «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 1990 жылғы 14 ақпан

Парақтар өзгертілді: 20-12-2013
Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2019

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz