ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ
Почетные граждане

Амангелді Қажыбаев

1943 жылы 23 шілдеде
Тарбағатай ауданы Комсомол ауылында
дүниеге келген

«Директорлар кеңесі» Шығыс Қазақстан облысы Аймақ одағы» заңды тұлғалар Бірлестігінің мемлекеттік билік органдарымен өзара қызмет жасау және стратегиялық дамыту бойынша директор. Еңбек қызметін 1967 жылы Өскемен қаласының қорғасын-мырыш комбинатында қызмет етуден бастады. 1975 жылдан 1994 жылға дейін облыс аудандарында партиялық және кеңестік жұмыстарда болды. 1989 жылдан бастап Өскемен қаласының халықтық депутаттар Кеңесінің атқарушы комитетінде төраға, Қазақстан Компартиясының Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшысы болып қызмет атқарды. 1994 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Өнеркәсіпті қорғауға байланысты әр түрлі лауазымға тағайындалды.  2001 жылы Шығыс Қазақстанға оралды. Семей және Өскемен қалаларының әкімі болып қызмет атқарды.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және сіңірген еңбегі үшін 2007 жылғы 24 мамырда «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 2007 жылғы 24 мамыр

Парақтар өзгертілді: 20-12-2013
Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2019

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz