ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ
Почетные граждане

Сергей Александрович Климов

Сергей Александрович Климов1949 жылы 17 қарашада
Шығыс Қазақстан облысының
Самар ауылында
дүниеге келген

Өзінің еңбек қызметін 1966 жылы жол басқармасының электриктің оқушысы болып бастады. Кеңес армиясында қызметін өтегеннен кейін Томск политехникалық институтына түседі. 1975 жылы институтты бітіргеннен кейін Томск қаласында электромеханика ҒЗИ инженер-механик болып жұмыс істеді. 1980 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҮМЗ» Акционерлік қоғамының бериллий өндірісінде жұмыс істейді. Жұмыс істеген уақытында ол 40 астам өнертапқыштық ұсыныстар енгізді. Жұмыстағы кәсіпқойлығы үшін «Зауыт ардагері», 2 дәрежелі «Қазақстан Республикасының атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілді. В.П. Потанин атындағы сыйлықтың лауреаты болып табылады.

Өзінің бүкіл еңбек қызметі бойы зауыттың және қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Өскемен қалалық мәслихатының І, ІІ, ІІІ, ІV, V шақырылымдарының депутаты болып сайланды.

Еңбектегі жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медальімен марапатталды. Олбыстық және қалалық әкімдердің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Сергей Александрович Климовқа – белсенді өмірлік ұстанымы, үлкен қоғамдық қызметі үшін «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілсін.

Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы
24 қазандағы № 22/5-V шешімі.

Парақтар өзгертілді: 17-07-2014
Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2019

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz