ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ
Почетные граждане

Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев

Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев1947 жылы 23 желтоқсанда
Катон-Қарағай ауданының
Топқайың ауылында
дүниеге келген

Мектепті бітіргеннен кейін 1966 жылы Н.К. Крупская атындағы семей педагогикалық институтына түсті. 1970-1996 жылдар аралығында Катон-Қарағай мектебінде мұғалім, директор болып жұмыс істеді.
Ә.Қ. Қаңтарбаевтың жақсы қасиеттері «Дидар» облыстық газетіне келгеннен бастап толықтай ашылды.
Әлібек Қалиұлы – атақты жазушы. Ол «Ағажай, Алтайдай жер қайда», «Қыран ғұмыр» поэзиялық жинақтардың, «Сол бір кез есімде», «Армандастар», «Алаш азаматы», «Досыма хат» прозалық кітаптардың авторы болып табылады.
Ә.Қ. Қаңтарбаевтың шығармашылық, журналистік еңбектері, азаматтық, адамгершілік принциптілігі Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттарымен, бірнеше рет олбыстық және қалалық әкімдердің Құрмет грамоталарымен, сыйлықтарымен атап өтілді. 1996 жылы оған «Қазақстан Республикасының ағарту үздігі» атағы берілді, 2007 жылдан бастап Катон-Қарағай ауданының Құрметті азаматы болып табылады.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаевқа – белсенді қоғамдық қызметі, қаланың жас ұрпақтарын патриоттық тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілсін.

Өскемен қалалық мәслихатының
2013 жылғы 24 қазандағы  № 22/4-V шешімі.

Парақтар өзгертілді: 17-07-2014
Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2019

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz