ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ
Почетные граждане

Шик Лео Багданович

Шик Лео Багданович1934 жылы 30 сәуірде
Сталинград облысы (бұрынғы Волгоград)
Николаев ауданы Барановка ауылында дүниеге келген.

1956 жылы Өскемен педучилищесін тәмамдап, кейіннен Шемонайхада балалар үйінде тәрбиеші, білім меңгерушісі болып жұмыс атқарған. Кейіннен Шемонайха райкомының Комсомолына І хатшы болып ұсынылады. 1963 жылға дейін Ю.А.Гагарин атындағы мектепте неміс тілінің мұғалімі болып, кейіннен 1986 жылға дейін партия жұмыстарында- саяси ағарту кабинетінің іс жүргізу меңгерушісі болып жұмыс атқарған. Тоғыз жылдан астам уақыт Большенарым райкомының ІІ партия хатшысы болып жұмыс атқарады.1973-1975 жылдар аралығында Қазақстан Коммунистік партиясының Шығыс Қазақстан обкомында дәріскер кеңесші жұмысын атқарған. 1986 жылдан 1995 жылға дейін-облыстық кинофикация басқармасының басшысы болып жұмыс жасап, кинемотография үздігі атанған. Ал 1995 жылдан бастап он жылдай уақыт Қазақстан халықтар Ассамблеясының ШҚО секретарятында іс жүргізу меңгерушісі болып жұмыс істеген.
Қазіргі уақытта 1992 жылы ашылуына бастамашы болған Облыстық Достық үйінің әдіскері болып жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының Президентінің грамотасымен, «Достық» орденімен, Қазақстан халықтар Ассамблеясының «Алтын медальімен» марапатталған.
«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 ші және 12-1) тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ: Ерен еңбегі үшін және облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін-Лео Багдановичке, «Өскемен қаласының құрметті азаматы» атағы берілсін.

Өскемен қалалық мәслихатының шешімі
34/8-V 2014 жылы 23 желтоқсан

Парақтар өзгертілді: 06-02-2015
Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2019

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz