Құрмат Рахымұлы Рахимов
1924 жылы 17 маусымда
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданының
Қызыл Тас ауылында
дүниеге келген
Күршм орта мектебін бітіргеннен кейін Ленинск кен орнында шахтада жұмыс істеді.
1942 жылдың 2 тамызында жалпы әскерлік бөлімге шақырылды, бірінші Прибалтика және үшінші Белорусь майдандарының құрамында Литва және Белорусь республикаларын азат етуде, Кенигсбергті алуда қатысқан.
Соғыстан кейін әскери училищені бітіріп, Түрікменстан, Иран, қазақ-қытай, кеңестік-жапония шекара бөлімдерінде қызмет етті. Әскерден қайтқан соң Өскемен қаласына келді. Облыстық ІІБ бастығының орынбасары болып істеді.
Жауынгерлік наградалары: «За отвагу», «За боевые заслуги», «За взятие Кенисберга» медальдары бар.
Қазіргі уақытта Құрмат Рахымұлы Өскемен қаласы ІІБ жас офицерлерінің тәлімгері болып табылады. Өскемен қаласының студенттері мен жастары арасында үлкен патриоттық жұмыстар жүргізеді.
2015 жылғы 4 мамырда белсенді қоғамдық-саяси қызметі, қаланың жас ұрпағын патриоттық тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. |