ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ
Құрметті азаматтар

Майраш Шайзадақызы Екібасова

 

Майраш Шайзадақызы Екібасова1957 жылы 6 мамырда
Шығыс Қазақстан облысы Бухтарма ауданы
Братск ауылында дүниеге келген

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында математика мұғалімі, комсомол, партия қызметкері, Самар ауылында № 27 КТМ оқытушы болып жұмыс істеді. 2001 жылдан бастап Өскемен қаласының № 8 КТМ оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары болып істеді. Қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысты: № 88 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, қалалық ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі болды.
2005 жылдан бастап 2011 жыл аралығында Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚҚ № 9 филиалының директоры болып істеді. Майраш Шайзадақызы Екібасова 4,5,6 шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының депутаты болып сайлануда. Осы кезең ішінде ол өзін бірбеткей, сауатты, қала тұрғындарының проблемаларына бей-жай қарамайтын депутат ретінде көрсетті. 2011-2013 жылдар аралығында «Нұр Отан» ХДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы болып істеді. Оның басшылығымен облыста мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысына бақылауды жүзеге асыратын 412 партиялық бақылау посттары құрылды. 2014 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалының бірінші орынбасары болып істейді. 
Өзінің еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен, «Ерен енбегi үшiн», «Қaзақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл», «Қазақстан маслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 3 Алғыс хатымен марапатталды.
Атақ берілген күні: 2017 жылғы 25 шілде

Парақтар өзгертілді: 08-01-2019
Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2019

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz