Үшінші шақырылған Өскемен қалалық мәслихаты

     сессиясы

 

 

 

2005 жылғы 27 тамыз                         15/3                                  кезектен тыс                                

                                                                                                             XV сессия

 

 

 

 

 

Өскемен қаласының

туы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 86 бабына сәйкес, Өскемен қаласы тұрғындарының тілектерін білдіре отырып, Өскемен қала-лық мәслихаты ШЕШТІ:

1.    Өскемен қаласы туының бейнесі бекітілсін (қосымша).

2. Өскемен қаласы туы ортасынан сабы жағына қаланың елтаңбасы бейнеленген тік бұрышты ақ мата. Туды сабының тұсында ұлттық өрнек на-қышталған тік жолақ көктеп өтеді. Матаның қарсы жағында садақты құ-райтын екі диогональ сызықтар қосылған, бұл – Үлбі және Ертіс өзендерінің қосылуын бейнелейді. Өрнек және диогональ сызықтар бейнесі мемлекеттік ту түстес көк түсті, бұл – қаланың аумақтық орнын анықтайды.

Түстердің қиюласуы ( ақ, көк, елтаңбаның көп түстілігі) тазалықты, байлықты, өркендеуді, өзіндік жетістікті білдіреді.

Тудың ені мен ұзындығының қатынасы – 1 : 2.  

3. Қаланың туы, оның өзіншелігін кейіптейтін Өскемен қаласының ны-шаны болып табылады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын алмастыра алмайды.

4.    Өскемен қаласының туы:

1) Қала күнін мерекелеу уақытында және басқа мерекелік  күндерде –      барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың ғимараттарында олардың басшыларының (иелерінің) ықтиярлары бойынша;

2) Өскемен қаласының командалары облыстық, республикалық кон-курстарға, спорттық жарыстарға, спартакиадаларға, олимпиадаларға қатыс-қан кезде көтерілуі немесе орнатылуы мүмкін.

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы міндетті түрде көте-рілген іс-шараларда, Өскемен қаласының туы Мемлекеттік тудан бір ен тө-мен деңгейде орнатылады.

 6. Қаланың туы Мемлекеттік туды алып шыққаннан кейін ғана шыға-рылады. 

 

Сессияның төрағасы                                               Р. Мамырбаева

 

Қалалық мәслихаттың хатшысы                         А. Ракульцев