Үшінші шақырылған Өскемен қалалық мәслихаты

     сессиясы

 

 

 

2005 жылғы 27 тамыз                          15/4                                кезектен тыс 

                                                                                                           XV сессия

 

 

 

 

 

Өскемен қаласының елтаңбасы

туралы” 1996 жылғы 12 сәуірдегі  

шешімге өзгерту енгізу туралы

 

 

 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасы  Заңының 6 бабына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

Қалалық мәслихаттың 1996 жылғы 12 сәуірдегі “Өскемен қаласының елтаңбасы туралы” шешіміне  келесі өзгерту енгізілсін:

Елтаңбаның сипаттамасы мынадай  редакцияда жазылсын:

Өскемен қаласы елтаңбасы классикалық формадағы қалқан түрінде ұсынылған, онда тау шыңдары арасындағы су кеңістіктері суреттелген, бұл жасыл жаға жиегіндегі Үлбі мен Ертіс өзендерін бейнелейді.

Елтаңбаның жоғары жағында – қаланың атауы, төменгі жағында – лен-тамен өрілген күзет мұнарасы орналасқан, онда қамалдың іргесі қаланған жыл белгіленген.

Елтаңбаның түрлі-түсті бейнесі: сары түс – байлық пен күшті, көк түс – ұлылық пен сұлулықты, жасыл түс – табиғат байлықтарын белгілейді.

Елтаңбаның ұзындығы мен енінің қатынасы  –  4 : 3.        

 

 

Сессияның төрағасы                                                Р. Мамырбаева

 

Қалалық мәслихаттың хатшысы                            А. Ракульцев