ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ

Жөндеу жұмыстарын жүргізудің сапасы мен мерзімдері ерекше бақылануда

Қалалық мәслихаттың депутаттары жұмыс тобының отырысында келесі жылға арналған қала бюджетінің жобасын қарауды жалғастырды. Қалалық құрылыс, тұрғын үй қатынастары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдерінің бюджеттік өтінімдері қаралды. Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2019 жылға арналған қаржыландыру жоспары жете қаралды.

Мәслихат депутаттары келесі жылдың бюджетінде қала көшелері мен жолдары тазарту үшін арнайы техника сатып алуға,  Стрелкадағы Ұлы отан соғысы жылдарында қаза тапқан шығыс қазақстандықтарды еске алу монументіне жөндеуге, мектепке және балалар мектеп алды мекемелеріне апаратын жолдар мен тротуарларды жөндеуге және салуға, жаяу жүргіншілер жолдарын жарықтандыруға және жайластыруға қаражатты қарастыруды ұсынды.

Қалалық автожолдардың құрылысы мен жөндеу сапасын бақылау, аудандық аумақтарды абаттандыру мен асфальттау, ҚТҚ жинау орындарын жөндеу мен жайластыру, қаладағы апаттық үйінділерді жою мәселелері, сондай-ақ Меновной, Ахмер, Ново-Троицкое ауылдарындағы сумен қамту желілерін реконструкциялау мәселелері депутаттардың назарымыз қалмады.

 

Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2018

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz