ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ

2018 арналған бюджет нақтыланды

Қалалық мәслихаттың депутаттары кезектен тыс сессияда Өскемен қаласының бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесін қарады. Республикалық және облыстық бюджеттерден түсетін трансферттер көлемінің өзгеруіне байланысты қаланың 2018 жылға арналған бюджеті нақтыланды. Сумен қамту желілері мен кәріздерді реконструкциялауға арналған республикалық бюджеттен түсетін нысаналы трансферттер көбейтілді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге республикалық бюджеттен түсетін трансферттер ұлғайтылды. Облыстық бюджеттен қалада тұрғын үйлер салуға және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және жайластыруға қосымша қаражат бөлінді.

2016-2020 жылдарға арналған қала аумағын дамыту бағдарламасына өзгерістерді бекітті. Аталған бағдарлама қалалар мен аудандар аумақтарын дамыту бағдарламасы көрсеткіштерінің базалық тізбесін ескерумен өзектендірілді, онда Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын 78 нысаналы индикаторлар қарастырылған.

 

Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2018

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz