ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ

Бюджет мақұлданды

2018 жылғы 25 желтоқсанда қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXVIII сессиясы өтті.

Депутаттар келесі жылға арналған бюджетті бекітті. Бюджетте қалалық объектілердің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ оларды материалдық-техникалық қамтылуын нығайтуға арналған шығындар, жаңа үйлер салуға, аулаларды абаттандыру мен жөндеуге, көлік инфрақұрылымын дамытуға, электрмен қамту желілеріне арналған шығындар қарастырылды.

Депутаттар Өскемен қаласының 2035 жылға дейін бас жоспарының жобасын қарады. Жобаны «ГРАДО» ЖШС жобалық фирмасы әзірледі. Бас жоспар халық санының және жұмыспен қамтылуының өсуін, инвестициялық процестерді ұзақ мерзімді жоспарлауды, қаланың аумақтық дамуының ұзақ мерзімді бағыттарын, жоспарлау құрылымын қалыптастыруды, аумақтарды қала құрылыстық аймақтарға бөлуді, жалпықалалық мақсаттағы объектілерді, көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды және аумақтарды абаттандыруды ескере отырып әзірленді.

Сондай-ақ сессия барысында мәслихаттың 2018 жылдағы жұмысының қорытындылары талқыланды.

Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2019

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz