ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ

Мәслихат депутаты «Қазақстан заңгерлерінің одағы» Шығыс Қазақстан облыстық филиалын басқарды

Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Қуат Рахымбердин «Қазақстан заңгерлер одағы» Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.
Қуат Рахымбердин - Қазақстандағы танымал ғылыми криминолог, Қазақстанның қылмыстық саясатын ізгілендіру және түрмелердегі адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға үлкен үлес қосты. 2016 жылы Қ.Рахымбердин Қазақстан Республикасының, ал 2007 және 2013 жылдары ең үздік заңгер деп танылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегері атанды.
2017 жылы заңгер К.Рахимбердинді әлемдегі ең көне жоғары оқу орны - Стамбул университеті Орталық Азия мемлекеттерінің қылмыстық саясатының мәселелері бойынша авторлық дәрістер курсына шақырды.
Рахимбердин К. - Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі.
 
Анықтама үшін.
 
«Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен 2012 жылдың мамыр айында заңгерлердің құрылтай съезінде құрылды. Оның құрылтайшылары: Республикалық нотариаттық палата, Қазақстан прокурорлары қауымдастығы, адвокаттар алқасы, Қазақстан Республикасы судьялар одағы.
Қазіргі уақытта «Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестіктердің бірі бола отырып, барлық облыс орталықтарында және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында әділет органдарында тіркелген филиалдары бар.

 

Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2019

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz