ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ

Жұмысқа орналасудың нақты мүмкіндіктері

2019 жылғы 4 қыркүйекте депутаттық өкілеттік және әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде нәтижелі жұмыспен қамтуды іске асыру мәселесі бойынша көшпелі отырысы өтті.

Депутаттары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылығымен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге атты «Востокпромимпорт», «Renaissance» оқу орталықтарына, сондай-ақ қалалық әкімдіктің оқу-өндірістік комбинатына барды.

Талқылау барысында депутаттар Бағдарламаның мақсаты Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету және кейіннен жұмысқа орналастырумен  қысқа мерзімді кәсіптік оқыту болып табылатынын атап өтті. Осы бағытқа жыл сайын облыстық бюджеттен және Ұлттық қордан қаражат бөлінеді. Тек ағымдағы жылы ғана 900-дей жұмыссыз жаңа мамандық алуы тиіс. Сонымен бірге жұмысқа орналасу көрсеткіші 51% құрайды.

Жұмысқа орналасудың төмен пайызы кадрларды дайындаудың еңбек нарығының талаптарына сәйкес келмейтініне негізделген, талап етілетін кәсіптердің тізбесі жаңартылмайды, оқытудағы жаңа технологиялар мен әдістері нашар енгізілуде.

Қалыптасқан жағдайдан шығуды депутаттар еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіптердің тізбесін қалыптастыру тәсілдемесін өзгертуде, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар санына сәйкес білім алушылардың санын анықтауда, көрсетілген Бағдарлама шеңберінде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы халықтың хабарландырылуын кеңейту бойынша жұмысты күшейтуде деп біледі.

Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2019

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz