ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ

Балалар бірінші орында

Қалалық мәслихаттың депутаттары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қызметтер көрсету туралы мәселені қарады. Депутаттар мүгедектігі бар балалардың ата-аналары күнделікті өмірде кездестіретін қиыншылықтарды айтып өтті: бұл медициналық мекемелерге барған кезде кезекте тұру, орта оқу орындарында тегін тамақтану, үйде оқытуда интернетке ақы төлеу және жазғы демалыс мәселелері.

Кездесу барысында ата-аналарға биылғы жылдың қаңтар айында ашылған «Ана мен бала орталығы» базасындағы Оңалту орталығында тегін тексерілу және стационарлық емделу ережелері түсіндірілді, енді облыс орталығының ерекше қажеттіліктері бар балаларына емдеу шаралары үшін басқа аймақтарға баруының себебі жоқ.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК: ерекше қажеттіліктері бар балаларды кезектен тыс қабылдау мәселесін пысықтау, қаланың білім беру бөліміне тегін тамақпен және үйде оқитын балалар үшін интернетке ақы төлеуді қамтамасыз ету, жазғы балалар лагеріне жолдамалар беру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2020

Администратор сайта:
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz