ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ

Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары!

Барлық қала тұрғындары мен қонақтарын Ұлы Жеңіс күнінің 75 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке ерлік пен жауынгерлік айбынның символы болып табылады!

Біздің жүрегімізде майдангер-ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне деген алғысымыз таусылмайды және олардың ерліктерінің алдында бас иеміз. Сіздердің  өнегелеріңізбен біз бірнеше ұрпақты тәрбиеледік. Сіздердің өмірден өткен майдандастарыңыздың есімдерін есте сақтаймыз. Сіздердің бейбітшілік және жауынгерлік еңбектеріңізге, белсенді өмірлік ұстанымдарыңызға бас иеміз.

Осы жарқын мереке күні барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, ұзақ және тыныш өмір тілейміз. Сіздерді қайғы мен қиыншылықтар айналып өтсін, ескі жарақаттар мен аурулар мейлінше аз мазаласын. Жақындарыңыз бен достарыңыздың көңілі, қамқорлығы мен жылулығы Сіздерді аяласын! Мерекелеріңізбен, өскемендіктер! Сіздерге ашық аспан, жақсылық, өзара түсіністік, денсаулық пен бақыт тілеймін!

 

Қалалық мәслихаттың хатшысы
Александр Александрович Светаш

 

Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2020

Администратор сайта:
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz