ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ

Жастар - біздің болашағымыз

Тұрақты комиссия отырысында қалалық мәслихат депутаттарына жастар ресурстық орталығының жұмысы туралы айтылды. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап жастармен 70-тен астам іс-шара өткізіліп, волонтерлік қозғалыста болған жастардың саны 50% артты. Облыс орталығында шектеулер енгізілген сәттен бастап жастар ресурстық орталығы еріктілермен бірлесе отырып 4000-нан астам азаматтарға дәрі-дәрмек пен бірінші кезектегі қажетті азық-түліктерді жеткізді.

Депутаттар Өскемен қаласында Еріктілер жылын өткізуге арналған жол картасына сәйкес жұмысты жалғастыруды ұсынды.

Сонымен қатар, Өскемен қаласының білім беру бөлімі басшысының «аутсайдерлер» тобына кіретін мектеп оқушыларының білім сапасын қамтамасыз ету, соңғы үш жылдағы облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардағы лицейлер мен гимназиялардың жетістіктерінің динамикасы туралы ақпараты тыңдалды. Ағымдағы жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша аталған мектептер бойынша білім сапасының орташа көрсеткішінің 1 тоқсанмен салыстырғанда оң динамикасы атап өтілді. Лицей және гимназия оқушыларының олимпиадаға қатысу үлесі 75 %, нәтижелілігі - 52% құрайды. Қала мектептерінің нәтижелілігіне мониторинг жыл сайын жүргізіледі.

 

Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2020

Администратор сайта:
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz