![]() |
|
ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ |
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
|
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР |
Жоспар көп Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында депутаттар 2021-2023 жылдарға арналған бюджет жобасын қарады. Келесі жылға арналған бюджет жобасында автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, көшелерді жарықтандыруға, абаттандыру мен көгалдандыруға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік төлемдерге, сондай-ақ мәдени-демалыс жұмыстарын қолдауға және қалалық кітапханалардың жұмыс істеуіне қаражат қарастырылды. Жалпы, 2021 жылдың бюджеті әлеуметтік бағытқа ие. Сондай-ақ депутаттарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу үлгілері ұсынылды. Қалалық мәслихаттың депутаттық өкілеттік және әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Тұрақты комиссиялардың отырысында ұсынылған барлық жобалар кезекті сессияда қаралатын болады.
|