ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР ON-LINE ТАРАТЫЛЫМ
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ

Кім жауап береді?

Тұрақты комиссия отырысында қалалық мәслихат депутаттарын Өскемен қаласының жылумен жабдықтау жүйесі туралы хабардар етті.

«ӨЖЖ» АҚ жылу беру температурасы желтоқсан және 2021 жылдың қаңтар айларында бекітілген кестеге сәйкес сақталғаны атап өтілді. Қазіргі уақытта 2021 жылға арналған тоқсандық жылу желілерін, қазандық жабдықтарын, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу кестелері мен жоспарлары бекітілді.

Депутаттар қаланың түрлі мекемелеріне пәтерлердегі температуралық режим мәселесі бойынша азаматтардан өтініштер келіп түсетініне назар аударды.

Осы мәселені шешумен ПИК тұрғындармен бірлесіп тікелей айналысуы тиіс, дегенмен «Өскемен жылу желілері» АҚ әрқашан осындай шағымдарға жауап береді және тұрғындарға түсінік береді.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия тиісті қызметтерге қолданыстағы желілердің тозуын ескере отырып, авариялық желілерді реконструкциялау бағдарламасының жобасын дайындауды, сондай-ақ қаланың жылу жүйелерін баптау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізуді ұсынды.

 

Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2021

Администратор сайта:
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz