ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР ON-LINE ТАРАТЫЛЫМ
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ

Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы

Өскемен қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына мемлекеттік органдардың бір өкілі және коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың төрт өкілі бос орнының болуына байланысты жұмыс тобы Өскемен қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына сайлау үшін коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар үшін қосымша конкурс өткізу туралы хабарлайды

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1 тармағына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы кандидат бола алады.

2. Кандидаттың:

- сотталғандығы болмауы;

- сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

- психикалық ауруға, маскүнемдікке, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Өскемен қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына кіруге ниет білдірген коммерциялық емес ұйымдар өкілдері және азаматтар Өскемен қалалық мәслихатына:

1. Қоғамдық кеңестің құрамына кандидатураны ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2. Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтерді;

3. Кандидаттың сотталғандығы бары/жоғы туралы анықтаманы;

4. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы береді.

Қажетті құжаттарды қоса берумен ұсыныстар жазбаша түрде (пошта немесе электрондық мекенжайға) 2021 жылғы 10 наурызға дейін (қоса) қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Пермитин көшесі, 17, каб. 205 каб., электрондық пошта: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz.

Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2021

Администратор сайта:
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz