ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР ON-LINE ТАРАТЫЛЫМ
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ

Жаңа бағыттар

Жұмыс сапары шеңберінде қалалық мәслихат депутаттары «Достық Үйі-Қоғамдық келісім орталығында» болды. Депутаттар Досық үйі қызметінің жаңа бағыттарымен: еріктілер орталығымен, медиация кабинетімен танысты, этномәдени бірлестіктер жұмысының негізгі бағыттарын талқылады.

Волонтерлік орталық бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді: әлеуметтік – осы бағыттағы волонтерлер халықтың осал топтарына көмек көрсетеді, білім беру – түрлі саладағы волонтерлер басқаларға жеке тәжірибелерін береді, спорттық – спортшы-волонтерлер мен жаттықтырушылар шеберлік ссағаттары бар түрлі мекемелерге барады.

Еріктілер қозғалысына қатысқысы келетіндердің барлығы Н. Назарбаев даңғылы, 68, 315-кабинетке жүгіне алады.

Медиация кабинетінің жұмысы жанжалдасушы тараптар арасындағы татуласу және дауларды реттеу процесіне бағытталған. Медиация кабинетінің базасында қоғамдық қабылдау бөлмесі (сенім телефоны 742208) құрылды, онда бекітілген кесте бойынша қаланың кәсіби медиаторлары қала тұрғындарын қабылдайды.

Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2021

Администратор сайта:
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz