ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ

N21 сайлау округi

Коротин Сергей Викторович

Коротин Сергей Викторович

Жұмыс орны, лауазымы: «Ореол LTD» ЖШС директоры

Сайлау окргінің шекаралары: орталығы № 8 орта мектеп (Д.Бедого көшесі, 26) Шекаралары - Тәуелсіздік даңғылы бойынша № 61/1, 61/2, 61/3 үйлер, Добролюбов көшесі бойынша № 47, 49, 51 үйлер, Беспалов көшесі бойынша №1-№35 үйлер, Карбышев көшесі, Севастопольская көшесі, Мирный кенті, «Машиностроитель» бағбандық бірлестігі аралығындағы аумақ жатады.

1952 жылы 1 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. № 15 мектепті аяқтағаннан кейін Германияда, Кеңес әскерінің қатарында әскери борышын өтеген. Өскемен жол-құрылыс институтын, инженер-механик мамандығы бойынша тәмәмдаған. Өзінің еңбек жолын Өскемен қаласы комсомолында горком ұйымдастыру бөлімінің меңгеруші болып бастаған, Партияда Октябрьский райкомының партия комиссиясының төрағасы болған. Жоғарғы партиялық мектепті аяқтап горком комсомолының бірінші хатшысы болған. «Востокгражданстрой» біріккен профсоюздық комитеттің төрағасы, Чукотск автономиялық округі, Магаданск облысында «Провидение» теңіз портында бастықтың орынбасары, Магадан қаласында саяхат және экскурсия Бюросының директоры, «Прогрес» ассоциациасының ШҚ филиалының директоры болып қызмет атқарған. Қазіргі уақытта «Oreol LTD» ЖШС директоры. 

 

Сайлау алдындағы бағдарламасы:

Мен үшін негізгі бағыттар болып саналады:
Шағын аудандардағы туындаған мәселелерді дер кезінде шешу мақсатында үнемі бақылау жүргізіп отыру. Негізгі мақсат - округтің әр түрғынының өз сауапдары мен ұсыныстарын білдіру құқығын жүзеге асырудағы ашықтық пен сенім болып табылады. Туындаған мәселенің оң шешімін табу үшін менің тарапымнан барлық қажет механизм қолданылатын болады.
Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау.Қоғамның әлеуметтік әлсіз топтарына кеңестік көмек көрсету - мен үшін аса маңызды фактор. Себебі адамдарға кеңес беру арқылы олардың қазіргі қоғамға оңай бейімделіп, орын алған әлеуметтік-түрмыстық мәселелерді сауатты түрде шешіп, өз қүқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға көмектесуге болады.
Жастар мен оқушылардың бос уақытын тнімді үйымдастыру, мектептерге қолдау көрсету.Мәслихат деңгейінде ведомствоға қарасты оқу орындарының қызметінде туындаған мәселелерін шешу мақсатында үнемі қамқорлық жасап отыру.
Округке қарасты аймақтар түргындарыньц түрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында жоспар қүрып, оның орындалуын жүзеге асыру (көркейту және елеуметтік-түрмыстық мәселелерді шешу). Округке қарасты аймақтарда тұратын тұрғындар үшін өзекті деген мәселелерді, сұрақтарды топтастырып, мәслихат деңгейінде көтеру.
Қаланың экологиялық жағдайына қатысты сүрақтарды шешуге атсалысып, жоспарларға бастама көтере отырып, оларды жүзеге асырудың жолдарын қарастыру.Қаланың өндірістік жүктемесі мен өнеркәсіп орталығы екенін ескере отырып, экологиялық жағдайын жақсарту мен оны үнемі бақылауда үстау өзекті тақырып болып та5ылады.
Ұлттық бірлік пен бейбітшілікті нығайту мақсатында қазақстандықтарды біріктіру.Демократиялық қоғам мен мемлекеттің негізгі тапсырмасы - ұлт бірлігі. Соған сәйкес, депутаттыққа кандидат және біздің округ түрғындарының өкілі ретіндегі маған жүктелетін негізгі тапсырма - халықты бір мемлекет үранына біріктіріп, үлттың бірыңғай болашағын қалыптастыру. Республиканы мекендейтін әр үлттың мәдениеті мен тілін қолдау - қоғамдағы татулықты сақтайтын маңызды фактор.
Ведомствоға қарасты аймақтың кез келген сүрақтары мен жағдайын шешудің негізі болып табылатын заңды қолдау мен нығайту.Құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолында заңға басым үстемділік беріледі. Бүл - ҚР-ның әрекет етуші заңнама нормасына сай кез келген сүрақты үлттық және элеуметтік жағдайына қарамастан әділ қарастыру.
Мемлекетімізді нығайту мен дамытуға, халық түрмысын жақсартуға бағытталған «Нүр Отан» партиясы мен «100 нақты қадам» ¥лт жоспарының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысу. Мемлекеттің адымдап дамуы өркендеуге деген рухы басым кәсіби мемлекеттік аппаратқа; халықтың кез келген тобы үшін әділ де тең қүқықтық заңнамасы аясында жүргізіпетін заңға; мемлекеттік қалыптасу мен әлемдік мойындауға ие болатын индустрияландыру мен экономикалық өсімге; үлгтық татулық пен патриоттық сезімді қолдайтын бірегейлікке; үлттық жоспарлауды жүзеге асыратын шартты жүйе жасау мақсатында есептік мемлекет қалыптастыруға негізделген.

 

ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ОРЫНБАСАРЫ

Парақтар өзгертілді: 17-08-2018

Депутатқа сауал

Депутат:  Коротин Сергей Викторович
*Аты-жөні: 
*E-mail: 
*Хабарлама: 
"*" Барлық жолдар міндетті түрде толтырылған болуы тиіс
*Тексеру: 3+12=
Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2019

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz