ҚР МЕМЛЕКЕТТIК РӘМIЗДЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ ДЕПУТАТҚА САУАЛ БІЗДІҢ ТАРИХ
САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ
МЕНІҢ ДЕПУТАТЫМ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ САЙЛАУЛАР
МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ
Мәслихаттың хатшысы

Светаш Александр Александрович

Қалалық мәслихат хатшысының өкілеттігі

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы       № 148 Заңына (19 бап) сәйкес:

1. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.

2. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.

3. Мәслихат хатшысы:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
9) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
10) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
11) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.

3-1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының хатшысы тиісті мәслихаттың қарауына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындауға кандидатураларды, сондай-ақ оны қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді.

4. Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.

5. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

 

Күн сайын 9.00-ден 13.00-ге дейін және 15.00 ден 18.00-ге дейін жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау.

E-mail:  maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz

 

Парақтар өзгертілді: 04-03-2019
Яндекс.Метрика
Copyright © 2008-2019

Администратор сайта:
Жунуспеков Ермек Мухамеджанович,
телефон: 26-59-11,
070004 ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17
тел/факс 8(7232) 26-43-48
е-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz